Бейжің Олимпиадасы аяқталды: Норвегия көш басында

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы аяқталды. Норвегия медальдар есебінде көш бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Норвегия құрамасының қоржынында 16 «алтын», 8 «күміс» және 13 «қола» бар. Екінші орынды Германия (12-10-5), үшінші орынды Қытай (9-4-2) иеленді. Алайда америкалық Gracenote агенттігі Қытай үздік ондыққа кірмейді деп болжаған еді.

Gracenote болжамы бойынша, командалық есепте үшінші орынды алады деген Ресей (6-12-14) тоғызыншы орынға тұрақтады. Ал АҚШ командасы (8-10-7) төртінші орында.

Жалпы медальдар саны бойынша көшбасшы — Норвегия (37), Ресей екінші қатарда (32), Германия үшінші орында (27).

Қазақстан Бейжіңде өткен 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын медальсіз аяқтады.

Бүгін, 20 ақпанда 2022 жылғы Олимпиада ойындардың жабылу салтанаты өтеді. Шараның басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...