Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды.

Жексенбі, 20 ақпанда Қазақстанның барлық дерлік аумағы антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз, тек елдің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді.Республиканың кей жерлерінде тұман түседі.

Дабылды ескерту

20 ақпанда Атырау облысының батысында, шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ болжанып отыр.Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігін тұман басады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл облысының солтүстік, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде, Түркістанның солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ болжануда. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ, 15-20 м/с жел соғады, батысы мен солтүстігін тұман басады.Алматы облысы Алакөл көлі ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с дейін барады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз минус 7-9 градус, түнде минус 13-15 градус.Алматыда күн ашық, күндіз 3-5 градус жылы, түнде 5-7 градус суық.Шымкентте күн бұлтты, күндіз 12-14 градус, түнде 2-4 градус жылы.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...