20 ақпанда Алматыдағы кейбір жолдар жабылады

20 ақпанда Алматыда Winter Run қысқы жүгіру жарысы өтеді, сондықтан 05.00-ден 13.00-ге дейін кейбір көшелер жабылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүгіру «Нұрлы-Тау» бизнес-орталығынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстігінен, яғни Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол 05.00-ден 13.00-ге дейін жабық болады. 

Меңдіқұловтан әл-Фараби бойынша түнелге кіру 05.00-ден 13.00-ге дейін жабық болады. Әл-Фарабидің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фарабидің солтүстік жағындағы Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейінгі қозғалыс 07.40-тан 11.00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Әл-Фарабидің солтүстік жағындағы Esentai Mall-дан Гагаринге дейінгі қозғалыс 08.30-дан 10.45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін бос ашық болады.

«Нұрлы-Тау» БО-ға көлікпен жүруге ұсынылған жол:

Желтоқсан бойымен оңтүстікке қарай әл-Фарабиге дейін;
Назарбаев бойымен оңтүстікке қарай әл-Фарабиге дейін;
Әл-Фараби бойымен батысқа қарай Назарбаевқа дейін;
Назарбаев бойымен солтүстікке Әл-Фарабиге дейін;
Әл-Фарабидің оңтүстік жағымен Желтоқсанға дейін.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...