ҚР Премьер-Министрі бірқатар кездесу өткізді

ҚазАқпарат — ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартимен және БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. С. Чакрабартимен ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын талқылай отырып, ұсынылған реформалар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі болып табылатыны айтылды.

Әзірленген шаралар кешені жол картасының 3 негізгі бағыты — экономикалық реформалардың стратегиясы мен бағдарламаларын жетілдіру, мемлекеттік басқару, коммуникация және бренд бойынша іске асырылатын болады. Сонымен қатар аумақтық-кеңістіктік дамудың үш қағидатын қамтитын, 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын әзірлеу тақырыбы қозғалды.

«Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру үшін өңірлік даму бағдарламалары енгізілетін болады. Үкімет өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларын қаржыландырудың тиімді тетігін әзірлейді», — деп атап өтті Әлихан Смайылов. БАӘ-нің ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесуде екіжақты келісімдердің іске асырылу барысы және инвестициялар тарту мәселесі талқыланды.

2021 жылы елдер арасындағы тауар айналымы $709 млн құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $474,4 млн болды.

«Біз Қазақстан экономикасына инвестицияларды ұлғайту арқылы БАӘ-мен өзара іс-қимылды әрі қарай жандандыруды көздеп отырмыз. Біз үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әмірліктің ірі қаржы институттарымен, оның ішінде «Abu Dhabi Global Market» қаржы орталығымен белсенді өзара іс-қимылын жалғастыруы аса маңызды», — деді келіссөз кезінде Ә. Смайылов.

Қорытындылай келе, тараптар алда атқарылатын жұмыстар туралы пікір алмасып, күн тәртібіндегі мәселелерді орындаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.