Қазақстанда майнерлерге салынатын салық 10 есе өспек

Қазақстанда цифрлық майнингке тұтынылған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 10 теңге салық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ведомство майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту бойынша тиісті тәсілдерді пысықтап жатыр.

«Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады. Сонымен қатар «көлеңкелі» майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді», – деді министр үкімет отырысында.

Қуантыровтың айтуынша, майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы. 

Осыған байланысты министрлік тұтынған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына салық мөлшерлемесін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін өсіруді көздеп отыр.

Сондай-ақ майнингтік фермалар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу үшін оларды энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобына бөлу жоспарлануда.

Айта кетері, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық салына бастады. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермалар тұтынған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 1 теңгеден төлейді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...