Көмір бағасын өсірмеу үшін кірме жолдар арзандатылды

Үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп жатқанын хабарлайды. Ол үшін әр түрлі делдалдар мен монополиялық операторлардың комиссиялары мен тарифтерін төмендетпек. Сонда «халықтың қосымша шығыстары қысқарады», дегенді айтады ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Оның айтуынша, көмірдің қымбаттауына жол бермеу үшін кірме жолдарды ұсыну қызметінің тарифтері төмендетіледі. 

Мысалы, ірі кірме жол теңгерімін ұстаушы «Көліктік сервис орталығы» деген компанияның тарифі 92% төмендеді. Павлодар облысында «Arman Kala Limited» компаниясының тарифі 93% төмендеді, бұл арқылы «Богатырь көмір» компаниясы өндіретін көмірдің құнына жүктеме азаяды деп жоспарланған. 

«1 ақпаннан бастап еліміздің бірқатар өңірінде кірме жолдарды ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын 21 компанияның тарифтері орта есеппен 80% төмендеді. Бұл шара энергетикалық көмір құны мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына теріс әсерді болдырмауға мүмкіндік береді», — деп баяндады Қуантыров үкіметтің отырысында. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында, мемлекет басшысының тапсырмасымен, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін әзірлеген. Ол өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы 61 іс-шарадан тұрады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...