12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған сегіз жасөспірім босатылды

Алматы облысында тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларынан қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында ұсталған 33 адам босатылды. Оның ішінде сегізі — кәмелетке толмағандар. Бұл туралы облыс прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров 14 ақпанда өткен брифингте мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде 88 адам қамауда, 60-ына қатысты басқа да бұлтартпау шаралары таңдалған. Сот олардың жеке басын, жасын, денсаулық жағдайын, іс-әрекетке қатысын және басқа да мәліметтерді мұқият қарағаннан кейін бұлтартпау шараларына рұқсат берді.

Алматы облысында болған қаңтар оқиғалары нәтижесінде 758 адам жарақат алды, оның ішінде 643 полиция қызметкері, 78 әскери қызметкер, 37 азамат бар.

«Президент тапсырмасына сай, жазаны ауырлататын мән-жай анықтамалған адамдардың жазасын жеңілдету бойынша шаралар қабылданды. Бірақ бұл тәсіл әр адамға жеке беріледі. Өйткені қылмыстың ауырлық дәрежесі мен сипаты бағаланды», — деді Әміров.

Брифингте айтылған ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында қаңтардағы оқиғалар бойынша барлығы 409 қылмыстық іс тергеліп жатыр, оның ішінде 158 — тонау дерегі бойынша, 191 — қаруды заңсыз сақтау туралы іс, 11 — лаңкестік дерегі бойынша, үшеуі — тәртіпсіздіктер бойынша, үшеуі — кісі өлтіру бойынша.

Сонымен қатар, жазаны жеңілдетуге қатысты 93 апелляциялық өтініш енгізілді, оның 71-і босатуға, 22 айыппұлға өзгертілді. Прокурордың актілері сотта қанағаттандырылды және қазір облыста әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша қамауға алынғандар жоқ.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаптау дерегіне қатысты 37 қылмыстық істі терген жатыр.

«Жәбірленушілердің өтініштерінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаңтар оқиғалары бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде жәбірленушілерді қылмыс жасады деп тану мақсатында азаптаулар жасалғаны айтылған. Полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қорғаушылар, туыстары, ата-аналары және жәбірленушілердің өздері арыз жазған. Сонымен қатар, күн сайын БАҚ мониторингі жүргізіледі», — деді брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары Дулат Мадияров.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...