Терапевт жолдамасы: Елімізде дәрігерлерге тексерілу тәртібі жеңілдемек

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тар ауқымдағы мамандарға жүгіну тәртібін жеңілдетеді, оларға терапевт жолдамасынсыз тікелей жазылуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

«100 күн – 100 сұрақ» жобасы аясында министрлік тар ауқымдағы мамандардың қызметін алудың ұзаққа созылатыны туралы азаматтардың өтінішіне құлақ асып, амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер дайындап жатқанын жеткізді.

Қазіргі уақытта министрлік «Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, төмендегі жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген:

— шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;

— шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету; -дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;

— тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау;

— онкологиялық және гематологиялық аурулар күдігі болғанда;

— динамикалық бақылау ауруы бейіні бойынша;

— жастар денсаулық орталықтарына;

— бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде;

— жылжымалы медициналық кешендер қызметін көрсету кезінде және т. б. Медициналық көмек көрсету департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаеваның айтуынша, жалпы практика дәрігері аурудың жасына және түріне қарамастан бүкіл отбасына көпбейінді көмек көрсету үшін негізгі медициналық мамандықтарда кеңінен бағдарлануы тиіс. Жалпы практика дәрігері үйде қабылдауды және баруды, профилактикалық, емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізуді жүзеге асырады. Оның жұмысының тәсілдері отбасының ерекшеліктерін ескере отырып бағытталған.

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...