«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топты құруды ресми түрде жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыршин 11 қаңтарда Президент Парламент Мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз мәселелерді белгілеп, нақты міндеттерді қойғанын атап өтті.

«Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және «Жаңа Қазақстанды» құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен, Парламент қызметінде орын алып, Мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт», — деді Жаңбыршин Мәжіліс отырысында. 

Депутаттың айтуынша, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешуге қызмет етеді.

«Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан ары тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. «Жаңа Қазақстан» депутаттық топтың қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз», — деді Жаңбыршин Мәжіліс отырысында. 

Еділ Жаңбыршин таныстырған депутаттық сауал 31 депутаттың атынан жіберілген. 

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...