Қазақстанның бірқатар өңірінде газ арзандады

Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) бағаларды сараптау нәтижесінде Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде газ бағасын төмендетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті барлық газдандырылған өңірдегі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін газ бағасына сараптама жүргізуге бастама жасағанын хабарлады. 2021 жылғы қыркүйектің аяғында тарифтік органның сұрауы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сараптамаға қажетті құжаттарды тапсырған.

ТМРК баға сараптамасының қорытындысы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың жеткізу үстемеақысын еліміздің барлық газдандырылған өңірінде 15 пайыздан (Шығыс Қазақстан облысы) 50,63 пайызға (Атырау облысы) төмендеткен.

Комитет мәліметінше, тұтынушылар үшін газдың бағасы 70-80 пайызға Энергетика министрлігі бекітетін көтерме бағаға байланысты, ал табиғи газ бағасының қалған бөлігі тасымалдау қызметтері мен ТМРК реттейтін газды өткізу шығындарынан тұрады.

Жабдықтау үстемесін төмендету жұмыстары нәтижесінде комитет тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34-тен 38,96 пайызға дейін төмендеткен.

Төмендетілген бағалар 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...