Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары келуіне байланысты болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын

Ақпанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейге жуық, батыста, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі өңірлерінде қалыпты деңгейден артық болуы мүмкін.

«Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде аяз және аздаған жауын-шашын болуы мүмкін. Ал республиканың батысында батыс және оңтүстік циклондар әсерінен жаңбыр мен қар жауады, секундына 20 метрге дейін жел күшейіп, тұман және көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Содан кейін циклон солтүстік-шығыс бағытта қозғалуына байланысты елдің қалған бөлігінде жауын-шашын жауып, жел тұрады.

Температура

Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасы жоғарылайды.

«Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20 градустан -5-13 градусқа дейін, күндіз -5-15 градустан 0-8 градусқа дейін болады. Республиканың шығысында температура түнде -18-23 градустан -12-17 градусқа дейін, солтүстік-шығыста -28-33 градустан -20 градусқа дейін, күндіз -10-15 градустан -5-10 градусқа дейін көтеріледі», — деді мамандар.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде барикалық түзілімдер ауысуына байланысты ауа райы тұрақсыз болып, екпінді жел тұрып, жауын-шашын жауады. Еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында жауын-шашын, боран, оңтүстігінде кейбір күндері шаңды дауыл болады.

«Шығыс Сібір аудандарынан келетін суық антициклон әсерінен температура төмендеуі мүмкін: батыста және солтүстік-батыста түнде 22 градусқа дейін, күндіз 10 градусқа дейін; солтүстік жартысында түнде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 18 градусқа дейін; оңтүстік жартысында түнде 15 градусқа дейін аяз, күндіз 3 градусқа дейін жылы болады», — деді Қазгидромет өкілі.

Кейбір күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массалары келіп, ауа температурасы: батыста түнде -5 градусқа дейін, күндіз +8-ге дейін; солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -10 градусқа дейін, күндіз +3 градусқа дейін; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5 градусқа дейін болып, күндіз +12 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

«Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: «ENU BARYSY – 2026» жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына...

Турнир, прославляющий национальный дух: определены победители «ENU BARYSY – 2026»

В Евразийском национальном университете имени Л. Н. Гумилева состоялся...

В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

В Алматы стартовал социальный проект «Социальная мастерская», направленный на...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Алматы қаласында әлеуметтік осал санаттағы жасөспірімдер мен жастарды қолдауға...