АҚШ-тағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды

АҚШ-тың Луизиана штатының оңтүстік-батысында орналасқан химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі American Press агенттігіне сілтеме жасап.

Westlake Chemical South компаниясының өкілі жарылыс таңертеңгі сағат 11 шамасында этилендихлоридті сақтауға арналған жерде болғанын хабарлады. Жарылыс салдарынан кем дегенде алты адам зардап шекті.

Зауыт өкілі Джо Анрепонт құрбандардың екеуі Ошнер Кристус Әулие Патрик ауруханасына, үшеуі Чарльз Лейк мемориалына жеткізілгенін айтты. Бір адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Жарылыстың себебін анықтау үшін жергілікті билік тергеу жүргізуді бастады.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....