Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында — санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Дауыс берушілер легі артып, сайлау учаскелеріне келушілер көбейіп келеді

Таң атып, күн көтерілген сайын сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілер...

Исторический выбор в Курултай: казахстацы с самого утра массово идут голосовать

Сегодня, 23 августа, Казахстан впервые в своей истории выбирает...

Живая связь поколений

Что такое патриотизм для казахстанцев? Это не абстрактное чувство,...