Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалада қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Осыған орай Алматыда тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мәдени-бұқаралық, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарламада концерттер, музей және кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, байқаулар, танымал тұлғалармен кездесулер, флешмобтар мен жастар акциялары бар. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өткізу жоспарланған.

Негізгі іс-шаралар кестесі:

  • 23 қазан: Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сағат 18:30-да «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Егемен ел – еңселі ел» концерті ұйымдастырылады.
  • 25 қазан: «Медеу» спорт кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтеді.
  • 25 қазан, 17:00–21:30: Абай алаңында танымал өнерпаздардың қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді.
  • 10–25 қазан: Кітап оқуға қызығушылықты арттыруға арналған «Оқитын ұлт – озық ұлт» жалпықалалық акциясы өтеді.
  • 20–25 қазан: Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында IV халықаралық «Almaty Puppet Festival – 2026» фестивалі ұйымдастырылады.

Алматы аудандарындағы іс-шаралар кестесі

Республика күніне арналған мерекелік бағдарламалар қала аудандарында да өтеді.

Алмалы ауданы

  • 22 қазан, сағат 15:00 – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде мерекелік концерт (Абылай хан даңғылы, 83).

Түрксіб ауданы

  • 22 қазан, сағат 15:00 – №6 Оқушылар үйінде концерт.

Әуезов ауданы

  • 22 қазан, сағат 15:00 – «Нархоз» университетінде мерекелік іс-шара (Жандосов көшесі, 55).

Наурызбай ауданы

  • 22 қазан, сағат 14:30 – Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында концерттік бағдарлама (Шұғыла шағынауданы, 347/4).

Жетісу ауданы

  • 23 қазан, сағат 11:00 – Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара (Кемел шағынауданы, Есім хан көшесі, 127).

Медеу ауданы

  • 23 қазан, сағат 12:00 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында салтанатты концерт.

Бостандық ауданы

  • 23 қазан – Satbayev University-де концерттік бағдарлама.

Алатау ауданы

  • 24 қазан, сағат 18:00 – «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт.

Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік орталықтарда да өтеді. Онда қызмет алушыларға концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұсынылады.

Республика күніне арналған мәдени іс-шаралар шетелде де ұйымдастырылады. 21–29 қазан аралығында «Алматы әуендері» КМҚК-ның «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қала билігінің қолдауымен Италияның Рим және Флоренция қалаларында концерт береді.

Айта кетейік, Астанада Республика күніне орай 24 қазанда қаланың алты ауданындағы 12 алаңда ашық аспан астында мерекелік концерттер ұйымдастырылады. 

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.