Қазақстандықтар 100 күн бойы денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарын жолдай алады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында қазақстандықтардан 100 күн бойы ұсыныстар қабылдайды. Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша жұмыстар атқармақ. 

“​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн — 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын», — деп жазды министр.

Денсаулық сақтау министрлігіне келесі байланыс тетіктері арқылы арыз-ұсыныс жолдауға болады: электронды пошта — 100dnei100voprosov@mail.kz; ресми сайт — https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru; әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар — https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link; https://www.facebook.com/MinzdravRK

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...