12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда карантин жеңілдеді. Қандай нысандар шектеусіз жұмыс істейді?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда карантин шектеулері қалай жеңілдетілгенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ВАК-та бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету тәсілдері қаралып, мақұлданғанын еске салды.

Оның айтуынша:

  • кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын одан әрі іске асыру жалғасады;
  • барлық аймақта «жасыл» және «көк» мәртебесі барларға кіруге болатын нысандар үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталады;
  • Ashyq арқылы эпидемиологиялық аймаққа қарамастан салтанатты, мерекелік, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, спорт кешендеріне, сауықтыру және діни нысандарға, ойын-сауық нысандарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне «жасыл» мәртебесімен кіру шектелмейді.

«Эпидемиологиялық қауіп-қатер аймағына қарамастан, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржолдарға, автовокзалдарға, ХҚКО-ларға, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарына, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарға «көк» мәртебесі болған кезде шектеусіз кіруге рұқсат беріледі», — деді министр.

Оның айтуынша, «көк» мәртебесі барларға кіруге рұқсат етілген бірқатар нысан үшін:

  • «жасыл» аймақтағы шектеулер алып тасталды;
  • «сары» аймақта — 70 пайызға дейін, «қызыл» аймақтарда – мейрамханалар, мәдени-тұрмыстық нысандар, ересектер мен балаларға арналған ойын және ойын-сауық орындары сияқты қоғамдық тамақтану объектілерінің толтырылуы 60 пайызға дейін ұлғайтылды.

«Пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық саласында карантин шараларды ауқымы түрде жеңілдету болған жоқ. Бұл, өз кезегінде, бизнестің белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмдерін енгізуге деген міндеттемесіне ерекше жауапкершілік пен сенім жүктейді», — деп түйіндеді Ғиният.

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...