Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілер қоймасы табылды

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілер қоймасы табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құпия орын Шаңырақ ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астына салынған. Онда тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.

«Тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық және т.б. табылды.

Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Әбілбековтің айтуынша, ұсталғандар арсенал табылған жалдамалы үйде бірге тұрған. Олардың жасы 27, 35, 39-да.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....