Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

Алматы ПД қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздеуге арналған байланыс орталығының нөмірін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтарға тергеу изоляторларында отырған адамдар және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін call-орталыққа жүгінуге болады. Call-орталыққа адвокаттар да хабарласа алады.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылданып жатқанына сендіргім келеді. Бәрі сот санкциясы бойынша ұсталғанын айтқым келеді. Сондықтан «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда азаматтар прокуратура органдарына заң шеңберінде жүгіне алады», — деп жазды Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД нөмірі: +7(727)290-19-01.

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....