Еуропарламент депутаттары Қазақстандық шенеуніктерге сакнция салуды ұсынды

Еуропа парламент депутаттары еліміздегі соңғы тәртіпсіздіктер мен наразылықтарға байланысты Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қарарда олар халықаралық тергеуді бастауға және адам құқықтарын таптау бойынша ЕО режимі шеңберінде қазақстандық шенеуніктерге қатысты санкция енгізуге шақырды.

Құжатқа 671 дауыс беруші қатысып, 589-ы қолдау білдірген. 35 депутат қарсы шығып, 47-і дауысқа қатысудан қалыс қалған. 

Еуропарламенттің бұл қарарларын орындау міндетті емес. Алайда ЕО институттары мен Еуропа елдері арасында шешімдер қабылданған кезде бұл жайттар ескерілетін болады. 

“2022 жылғы қаңтар айында болған наразылықтар кезінде адам құқықтарын бұзып, таптағаны үшін қазақстандық шенеуніктерге санкция жариялансын”,-деді кеңесте ЕО депутаттары.

Сонымен қатар екі апталық митинг кезінде Қазақстан халқына қарсы жасалған күштерге байланысты дереу түрде халықаралық тергеуді бастау туралы айтылды. 

Еуропа парламенті кәмелетке толмағандарды қоса алғанда Алматы және Қазақстанның өзге де қалаларындағы бүлік кезіндегі адам жоғалу, бейбіт тұрғындардың жарақат алуы мен өлімі, оларға жасалған қарсы күшпен азаптауларға, атуларға байланысты тергеу жұмыстары жүруі керек деген шешімді ұсынды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...