Қазақстан Тұңғыш Президенті туралы заң қалай өзгеруі мүмкін?

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды. Бұл туралы Мәжіліс Сенатқа жолдаған конституциялық заңға енгізілген түзетулерде көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс Сенатқа «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар жіберді.


Түзетулерге сәйкес, «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің тарихи миссиясына байланысты ел үшін маңызды мәселелерді талқылауда Парламент пен оның палаталары алдында, үкімет отырысында сөз сөйлеуге құқылы».

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі құрамына кіреді.

19 қаңтарда Мәжіліс конституциялық заңдарға түзету енгізіп, еліміздің Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығын тоқтату туралы түзетулер қабылданды.

Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ға төрағалық ету құқығы Президентке тиесілі.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...