Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара ашылды

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Кейбір өткізу пункттерінде адамдармен қоса жүк көліктерді де кедергісіз өткізе бастаған. Елімізде болған қаңтардағы қақтығыстан кейін көрші елдің билігі өз азаматтарына шығуға тыйым салып шекарасын жапқан болатын.

Қазір Ақ Жол, Чалдыбар, Чоң  Қапқа, Кең-Бұлын және Тоқмоқ кеден бекеті барлық адамдарды екі жаққа тосқауылсыз, бірақ Қазақстан тарапы айқындаған  шектеулер бойынша өткізуді жүзеге асыра бастады. Қарқыра бекеті арқылы тек көрші елде қалып қойған отандастарымыз ғана өте алады.

Ал ауыр жүк көлігіне Ақ-Тілек, Чалдыбар және Чоң-Қапқа пунктілерін короновирусқа байланысты шектеулерді ескере отырып бөгетсіз кесіп өтуге рұқсат етілген. Өзбекстан «жаңа омикрон штамы пайда болды» деген желеумен осыдан үш күн бұрын Қазақстанмен арадағы шекараны жауып тастаған.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...