БҰҰ дүниежүзін келесі пандемияға дайындалуға шақырды

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Гутеррештің пікірінше, әлем келесі пандемияға дайындалып, әр елде бақылауға, ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайтуы керек.

Сонымен қатар, ол пандемиямен әділ және тең жағдайда күресуге шақырды.

Гутерреш бұған дейін ДДСҰ 2021 жылдың соңына қарай жер тұрғындарының 40 пайызын және осы жылдың ортасына қарай 70 пайызын вакцинациялауды көздейтін стратегия жариялағанын еске салды.

«Біз бұл мақсаттарды көздемейміз. Бұл ұят, бірақ табысы жоғары елдерде вакцина салдыру деңгейі Африка елдеріне қарағанда жеті есе жоғары. Бізге вакцинаны тарату мәселесінде әділ болу қажет», — деді ол.

Гутерреш мемлекеттер мен өндірушілер COVAX механизміне вакцина жеткізуге басымдық беріп, бүкіл әлем бойынша сынақ, вакцина, емдеу әдісінің жергілікті өндірісін қолдауы керек екенін айтты.

«Фармацевтикалық компаниялар дамушы елдермен лицензия, технология алмасу бойынша ынтымақтастық орнатуы керек, сонда ғана бәріміз осы пандемиядан шығу жолын таба аламыз», — деді спикер.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...