Қытай 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар мұндай шешім елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты. Билеттерді ашық сатылымға шығаруға рұқсат жоқ, бірақ билеттер белгілі бір көрермен топтарына тікелей таратылады.

«Трибуналардан эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайтындар ғана алады. Олардың арасында билеттер квотасы бөлінеді», — делінген Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шетелдік көрермендер жіберілмейтінін мәлімдеген.

«Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: «ENU BARYSY – 2026» жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына...

Турнир, прославляющий национальный дух: определены победители «ENU BARYSY – 2026»

В Евразийском национальном университете имени Л. Н. Гумилева состоялся...

В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

В Алматы стартовал социальный проект «Социальная мастерская», направленный на...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Алматы қаласында әлеуметтік осал санаттағы жасөспірімдер мен жастарды қолдауға...