Қазақстандықтар шетелге жиі ақша жібере бастады — зерттеу

Қазақстандықтар 2021 жылы 11 айда шетелге 921,3 миллиард теңге аударды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан экономикасын бақылау жөніндегі жоба деректері бойынша, қаңтардан қарашаға дейінгі кезеңде қазақстандықтардың шетелден алған қаражат көлемі өзгермеген және 256,2 миллиард теңге болған. Бұл 2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,8 пайызға аз.

«2021 жылы қаңтар-қарашада жеке тұлғалардың шетелге жіберген ақша аударымдары 921,3 миллиард теңге болды. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға артық», — делінген хабарламада.

Шетелге жіберілген және шетелден алынған қаражат көлемі арасындағы айырмашылық бір жыл ішінде Қазақстаннан жіберілген аударымдар пайдасына 2,8 еседен 3,6 есеге дейін өсті.

«Елден жіберілген ақша аударымдарының көлемі бойынша 2021 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін Өзбекстан (278,5 миллиард теңге), Түркия (189,2 миллиард теңге) және Ресей (162,1 миллиард теңге) көш бастап тұр, оларға жалпы көлемнің үштен екіден астамы тиесілі», — делінген Ranking.kz хабарламасында.

Ата-ана құқықтары мен міндеттері

Отбасы қоғамның негізгі әлеуметтік институты болып табылады. Әрбір баланың...

Қылмыс және жаза тағайындау

Сот қылмыстың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын...

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...