55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты

Әнші Шахизада тағы да тұрмыс құрды. Сүйінші хабарды өзі хабарлады. Желідегі оқырманы құтты болсын айтып, бақыт тілеп жатыр.

«Аллаға шукір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, Сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым», — деп жазды әнші парақшасында.

Желідегі оқырманы ақ тілегін асыра жазды. Енді бірі әже атанған әншінің бұл әрекетіне таңғалысты.

«Өте дұрыс! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан!», «Махаббат жас талғамайды. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Дұрысы сол өзгеру керек. Бала бала деп ертең қартайғанда шүйіркелесіп шай ішіп отыратын шал керек», «Шахизада ханым, қатты қуанып жатырмыз. Нұр-Сұлтаннан сәлем, бақытты болыңызшы», «Құтты болсын!! Қуаныш, той көп болсын. Аттаған ақ босағаңыз құтты, жайлы, берекелі,ырысты, несібелі болсын. Бақыттарыңыз баянды болсын. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамай мәңгілік болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақтарыңыз Бақытқа толы болсын», — деді олар.

 

«Нешінші рет тұрмыс құрып жатырсыз?», «Немереңіз бар емес пе? Кеш емес пе?», «Қазір ажырасу да, үйлену де оңай болған ба, сәнге айналған ба», деп жазды енді бір топ.

Шахизада жолдасының суретін жариялаған жоқ. Оның кім екенін де ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын жасырмай айтқан еді.

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні оған үш немере сыйлады.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...