Рысбек Аташ қоныс тойын тойлауға дайындалып жүр. Әнші былтырғы жылдың жаз айларында зәулім сарайының құрылысын бастаған еді. Араға жарты жыл салып отбасымен бірге жаңа шаңыраққа көшуге дайындалып жүр.
Бұл туралы «Опмай, опмай» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.
«Мен бұрын жер үйде тұрып көрмегем. Алғашқы жер үйім. Әлі толық біткен жоқпыз. Аз ғана жұмыстар қалды. Жиһаздарымыз келген жоқ. Қонақ күтуге дайын емеспін. Бірақ алда бола жатар. Карантин уақытында аяқ астынан үй салайық деп шештік. Тұрғын үйде үйіміз бар», — деді әнші.
Рысбек Аташ 12 жыл бұрын үйленген жарын көрсетті.
«Жарымның есімі — Гүлнәз. Әлі ешқайда сұхбат беріп, камераға түсіп, желіде де көрінген емес. Алғаш рет сұхбет беріп тұр. Мен қаламағаннан емес, өзі де өзін көрсеткенді ұнатпайды», — деді әнші.
Ал камераға түсуден қашқақтаған Гүлнәз ханым өзін қысқаша таныстырып өтті. Үй шаруасымен, балалардың тәрбиесімен айналысады.
«Мен 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Балалы-шағалы болдық. Рысбек те менің жұмысқа шыққанымды қаламайды. Оның үстіне, балаларды мектепке апаруға, үй шаруасына бір адам керек. 12 жылдан бері үйдемін. Жер үйге көшеміз. Егер ұнамай жатса қайта қалаға баратын шығармыз. Болашақта жұмысқа да шыға жатармын. Бәрі уақытымен», — деді әншінің жары.
Әншінің шаңырағында жеке студия бөлмесі бар.
«Барлық әндерімді осы студияда жазамын демеймін. Жартысынан азын осында жазатын шығармын. Басқа бөлмелер бітпесе де, студияма кіріп алдым», — деп күлді әнші.
Рысбек Аташ бір бөлмені кинотеатр жасап, демалыс бөлмесіне айналдырмақ.