ДДҰ өкілі қандай жағдайда пандемияның үшінші толқыны болатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович адамдар қауіпсіздік шарасын сақтамаса коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталатынын айтты. Бұл туралы ол «Россия 1» телеарнасына берген эксклюзив сұхбтатта айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Екінші толқын. Иә, қазір дүние жүзі бойынша көрсеткіш төмендеп келе жатыр. Ұжымдық иммунитет әлі толық қалыптаспады. Егер қауіпсіздік сақтамасақ, иә, үшінші толқын болуы мүмкін. Ол адамдардың әрекетіне байланысты», — деді Вуйнович.

ДДҰ өкілі пандемия қашан аяқталатынын айта алмады.

«Бірнеше критерий болады. Барлық өңірде бір мезетте науқас саны эпидемиологиялық шектен төмен деңгейге дейін азаяды. Бірақ ол кезде денсаулық сақтау жүйесінде бұл саланың жұмысына кедергі жасайтындай ауыртпалық түспейді. Бірақ ол қашан болатынын айту қиын», — деді ДДҰ өкілі.

Мелита Вуйнович коронавирустың қалай пайда болғаны туралы айтқан кезінде таяуды ДДҰ сарапшылар тобы Қытайда жұмыс істегенін атап өтті.

«Бірінші есепті күтіп отырмыз. Ол жерде төрт нұсқа бар. Бірінші болжам адамға жарқанаттан не басқа жануар арқылы тарауы. Ең соңғы нұсқаның бірі — зертханадағы жағдай. Бірақ ол, әрине, қарастылып жатқан нұсқалардың бірі ғана», — деді маман.

ОСМС в Казахстане: что важно знать каждому в 2026 году

Обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС) остается одним из ключевых...

ОСМС: новые возможности для здоровья казахстанцев

Система обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) является важным элементом...

Споры между государственными органами и субъектами бизнеса

Споры между государственными органами и субъектами бизнеса (хозяйствующие субъекты,...

Жас мамандардың жағдайымен танысу жұмысы жүргізілді

Жас маманның тұрғылықты жеріне барып жағдайын тексеру – оның...