Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтар тасымалдауға уақытша тыйым салды

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанға Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақ алып келуге уақытша шектеу енгізді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі, деп жазады kaz.nur.kz.

Шектеу 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап күшіне енген. Министрліктің мәліметінше, Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталған. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізген.

«ISPM №13 «Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығының Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзірбайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді. Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді», — деп хабардар етті ведомстводан.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылы өсімінің 30-70 пайыз төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ресейден келетін шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жемазығына дейін шекарадан өткізуге тыйым салған еді. Бұған Ресейде шошқаның африкалық обасы тарап, малдың қырылып жатқаны себеп болған. Мамандар шошқа обасы адамға жұқпайтынын, бірақ ауырған мал емделмейтінін айтады. Ондай малды тек жою керек, дейді ведомство.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...