Сотталғандар Абай өлеңдерін жатқа оқыды

 “16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне” орай, ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтудан жарыс өтті. Шараны мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов ашып, сотталған азаматтарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жазасын өтеушілер Хакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп айтып, өлеңдерін жатқа оқып, ұлы ақынға арнаған өз жандарынан шығарған өлеңдерін де жатқа оқыды. 

Қатысушылардың өнеріне облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маман теологы Оспанов Бахтияр Есенгелдіұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Төлен ата» мешітінің имамы Бейсембаев Ғалымжан Оразалиұлы және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Дәурен  Ізбанов қазылық жасады.

Жарыс қорытындысымен І орынды Е. есімді азамат, ІІ, ІІІ орынды Д. Б есімді азаматтар өзара бөлісті.  «Шабыт» номинациясын С. есімді азамат иеленсе, ал «Жігер» номинациясын Н. деген азамат жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараға қатысқан барлық сотталған азаматтар «ынталандыру» сыйлығымен марапатталды.

 ЗК-169/5 мекемесі

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...