12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ БЕДЕЛІМІЗ БИІК

ҚР Президентінің 6 наурыздағы №280 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» туралы бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Өкінішке орай білетіндердің өзі көп жағдайда, ол туралы ой бөлісіп, пікір айтуға аса құлшына бермейді. Еліміздегі түрлі мерзімге арналып қабылданып жатқан өзге тұжырымдамалар мен бағдарламалар секілді, бұл жолы да ҚР Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы №741 Жарлығымен бекітіліп, биыл күші жойылған «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының» нәтижесін талдау назардан тыс қалды десек артық айтқандық болмас. Ал, 7 тараудан тұратын жаңа тұжырымдама 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және орнықты даму стратегиясында, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып әзірленген. Бұл туралы алғашқы тарауда «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі күрделі өзгеріске ұшырауда, оның басты белгілері: сенім
дағдарысы және қақтығыстың артуы, оның ішінде қауіпсіздік пен диалог бойынша көпжақты институттар функционалдығының төмендеуі, алдын алу дипломатиясы және дауларды реттеу тетіктері тиімділігінің төмендігі салдарынан болуы; халықаралық құқықтың негіз қалаушы қағидаттарының бұзылуы, әлемдік деңгейде екі негізгі үрдістің – жаһандану мен ұлтшылдықтың бетпе-бет келуі шағын және орта мемлекеттерге елеулі қауіп төндіреді. Қауіпсіздікке төнетін терроризм, экстремизм, жаппай қарулану, оның ішінде зымырандық, ядролық және ғарыштық қару, климаттың өзгеруі және т.б. сияқты дәстүрлі сын-тегеуріндер мен қатерлердің өршуі; жаһанданудың және халықаралық сауда жүйесінің заманауи үлгісінің эрозиясы, елдер
мен өңірлер арасындағы экономикалық және технологиялық дамудағы алшақтықтың ұлғаюы, жаһандық қаржы жүйесінің осалдығы, сауда және валюталық соғыстардың күшеюі санкциялық текетірес болып табылады. Осыған байланысты әлемдік қоғамдастық халықаралық қатынастардың барынша орнықты жүйесін құру қажеттігін түсінуде. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі қағидаттары енді: 1) Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси ұстанымының сабақтастығы; 2) тұрақты, әділ және демократиялық әлемдік тәртіп құруға жәрдемдесу; әлемдік саяси, экономикалық және
гуманитарлық кеңістікке тең құқылы интеграциялану; қазақстандықтардың және шетелде тұратын қандастардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін тиімді қорғау; 3) мемлекеттің сыртқа ашықтығын ілгерілету, қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейін көтеру, елдің саяси, экономикалық және рухани әлеуетін дамыту үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау; 4) Қазақстанды практикалық тұрғыда қызықтыратын барлық мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен достық, тең құқықтық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуды білдіретін көпвекторлық, прагматизм
және белсенділік; 5) көпжақты консультациялар мен келісімдер негізінде жаһандық және өңірлік мәселелердің
кең ауқымын шешудегі халықаралық қоғамдастықтың тиімді тәсілдері мен ұжымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған мультилатерализм; 6) трансшекаралық сипаттағы сын-тегеуріндер мен қатерлерге ден қоюда, жанжалдарды реттеуде, қақтығыстан кейінгі елдерде бейбітшілікті нығайтуда халықаралық қоғамдастықтың интеграцияланған тәсілдерін әзірлеуді білдіретін ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлердегі қауіпсіздік пен дамудың ажырамас байланысы болмақ. Сондай-ақ, сыртқы саяси стратегиясы бойынша Қазақстан әлі де елдің тәуелсіздігін, мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын нығайту, сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтаумен қатар Орталық Азия өңіріндегі өзінің көшбасшылық орнын нығайту және ұзақ мерзімді мүдделерін ілгерілетуге мүдделі болып отыр. Сондай-ақ, Қазақстанды халықаралық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі үлес қосатын халықаралық қоғамдастықтың белсенді және жауапты мүшесі ретінде көрсету маңызды. Шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматта достық, болжамды және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтау, мемлекетаралық бірлестіктер және халықаралық ұйымдармен кешенді өзара іс-қимылды дамыту да күн тәртібіндегі мәселе. Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін, қазақстандықтар тұрмысының деңгейі мен сапасын көтеру мақсатында сыртқы саясаттың әлеуетін толыққанды пайдалану бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізу басты назарда. Қазақстан азаматтарының және ұлттық бизнестің іс жүзіндегі мүдделерін мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсаттар қоғамның дамуын қамтамасыз етері күмәнсіз. Сондықтан да, Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; Экономикалық дипломатия; Адам құқықтары, гуманитарлық дипломатия және қоршаған ортаны қорғау; Өңірлік және көпжақты дипломатия салаларындағы басымдықтарды жүзеге асыру сияқты сыртқы саясатта үлкен өзгеріс болмайтынын аңғартады. Мәселен, өңірлік және көпжақты дипломатия саласындағы басымдықтарда Алматы қаласындағы БҰҰ хабына Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Қазақстандағы өңіраралық орталығы мәртебесін беру және оның Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстандағы қызметіне жәрдемдесу. Ресеймен одақтастық қатынастарды, Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті, АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті, Орталық Азия мемлекеттерімен стратегиялық қарым-қатынастарды, Еуропалық Одақпен (ЕО) және ЕО-ға мүше мемлекеттермен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту кезек күттірмейді. Бұл тәуелсіздіктің 29 жылында Қазақстанның халықаралық аренада өз ұстанымын нығайтып, бейбіт және ашық мемлекет, жаһандық және өңірлік істерде сенімді серіктес ретінде орныққанын көрсетеді. Сонымен қатар,оның көпвекторлы, сындарлы жәнебелсенді сыртқы саясатты жүзеге асыруда, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму салаларында жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыру мен іске асыруға қосар үлесі әлі қомақты екенін дәлелдейді.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.