Атқарушылық жазба: борышкер мен өндіріп алушының құқықтары

Қазіргі таңда елімізде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде нотариустың атқарушылық жазба жасау институты кеңінен қолданылып келеді. Бұл рәсім заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, белгілі бір міндеттемелерді сотқа жүгінбей орындауға мүмкіндік береді.

Атқарушылық жазба – өндіріп алушының пайдасына борышкерден белгілі бір ақша сомасын өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариус жасайтын құқықтық құжат. Оның басты мақсаты – даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу рәсімін жеңілдету және азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын жедел қорғау.

Өндіріп алушы – міндеттеменің орындалуын талап етуге құқығы бар тұлға. Егер борышкер өз міндеттемесін орындамаса, өндіріп алушы заңда көзделген негіздер болған жағдайда нотариусқа атқарушылық жазба жасау туралы өтінішпен жүгіне алады. Атқарушылық жазба жасалғаннан кейін өндіріп алушы оны сот орындаушысына орындауға ұсынуға құқылы. Сонымен қатар нотариустың әрекеттерімен немесе атқарушылық жазбамен келіспеген жағдайда заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну мүмкіндігі сақталады.

Атқарушылық жазба жасалған кезде борышкердің де заңмен қорғалатын құқықтары бар. Егер ол қойылған талаппен келіспесе, нотариусқа жазбаша қарсылық білдіруге құқылы. Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-1-бабының 2-тармағына сәйкес, борышкер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны жасаған нотариусқа қарсылық жолдай алады. Қарсылықта мәлімделген талаппен келіспеу себептері нақты көрсетілуі тиіс.

Қарсылықты нотариусқа жеке тапсыруға немесе заңнамада көзделген тәртіппен, оның ішінде электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Егер нотариусқа заң талаптарына сәйкес қарсылық келіп түссе, Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-8-бабының 1-тармағына сәйкес, үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарылады.

Сонымен бірге борышкер де, өндіріп алушы да атқарушылық жазбаға дау айту мақсатында заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Атқарушылық жазба институты өндіріп алушының заңды талаптарын жедел орындауға мүмкіндік берумен қатар, борышкердің де мүдделерін қорғауға бағытталған. Осы ретте екі тараптың да өз құқықтары мен міндеттерін білуі маңызды. Әсіресе борышкердің атқарушылық жазба туралы хабарламаны алған күнінен бастап заңда белгіленген он жұмыс күндік мерзімді сақтауы ерекше мәнге ие.

Атқарушылық жазба – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құқықтық тетігі. Оның заң талаптарына сәйкес қолданылуы тараптардың мүдделерін сақтауға, құқықтық дауларды оңтайлы шешуге және сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.

Ж.Нағашыбай,

Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.

ЦИФРОВЫЕ ТРЕНДЫ В ДЕЙСТВИИ

Студенты Университета Нархоз посетили Farabi Supercomputer Center Экскурсия в суперкомпьютерный...

ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРЕНДТЕР

Нархоз университетінің студенттері Farabi Supercomputer Center орталығына барды Әл-Фараби атындағы...

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери...

В учреждении УИС по области Абай обсудили вопросы развития предпринимательства

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай состоялось...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде «Әділет кеңес береді» құқықтық акциясы өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде...