Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери бөлімі штаб бастығының орынбасары, майор Тлепов Жақсылық Жұмагелдіұлы, «Еңбек-Семей» РМК директоры Исенов Тимур Төлегенұлы және шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері, өткізу режимін ұйымдастыру және өндірістік жағдайларды жақсарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар 2027 жылға жоспарланған жаңа модульдік өндірістік ғимараттарды салу мәселесі қаралды.
– Мұндай кездесулердің басты мақсаты – кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу, – деп атап өтті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Куанышбек Аязбекович
Кеңес қорытындысы бойынша талқыланған мәселелерге қатысты бірлескен шешімдер қабылданды.


