Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде «Әділет кеңес береді» құқықтық акциясы өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың білікті заң көмегін алуына бағытталған «Әділет кеңес береді» атты көшпелі құқықтық акция өтті.
Акция аясында сотталғандарға Қазақстан Республикасы Әділет департаментінің өкілдері, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушысының қатысуымен құқықтық кездесу ұйымдастырылды. Мамандар қатысушыларға білікті заңгерлік кеңестер беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын сотталғандарды қызықтырған өзекті мәселелер бойынша түсіндірді.
Атап айтқанда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау, адвокаттық көмек алу, атқарушылық іс жүргізу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ түрлі өмірлік жағдайларды құқықтық тұрғыдан шешу жолдарына ерекше назар аударылды.
«Әділет кеңес береді» акциясы – аумақтық әділет департаменттері заңгерлермен және бейінді мамандармен бірлесіп ұйымдастыратын, халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған көшпелі іс-шара. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде осындай кездесулерді өткізу сотталғандардың қажетті құқықтық ақпарат алуына мүмкіндік беріп, олардың заңға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
— Мұндай кездесулер біз үшін өте пайдалы. Заңгерлік мәселелерді өз бетімізше түсіну әрдайым оңай емес. Ал бұл жолы мамандар қайда жүгіну керектігін және түрлі жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігін қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндірді. Алған мәліметтеріміз құқықтарымыз бен міндеттерімізді жақсырақ білуге көмектеседі, – деп бөлісті сотталған азамат.
— Мұндай кездесулер сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс үшін ерекше маңызға ие. Біздің міндетіміз – олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне жағдай жасау. Осындай іс-шаралар сотталғандарға құқықтық мәселелер бойынша дұрыс бағдар алуға және болашағы туралы ойлануға көмектеседі, – деп атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери...

В учреждении УИС по области Абай обсудили вопросы развития предпринимательства

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай состоялось...

ИИ и человеческая психика: кто кем управляет?

ЕЩЕ НЕСКОЛЬКО ЛЕТ НАЗАД РАЗГОВОР С ИСКУССТВЕННЫМ ИНТЕЛЛЕКТОМ ВОСПРИНИМАЛСЯ...

Медиация-как альтернативный способ разрешения спора

         Медиация это новая форма альтернативного урегулирования споров с...