ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРЕНДТЕР

Нархоз университетінің студенттері Farabi Supercomputer Center орталығына барды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың суперкомпьютер орталығында  «Трендвотчинг» пәні аясында өткен практикум студенттер тың деректер мен жаңа білімалды. Болашақ мамандар жасанды интеллект, үлкен деректер мен цифрлық модельдердің ғылыми және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуде қалай қолданылып жатқанын көрді.

Заманауи технологиялармен танысу «Цифрлық трендтер» тақырыбындағы семинар сабағы аясында  өтті.  Аталмыш шараны Farabi Supercomputer Center орталығының директоры, PhD Әмірхан Темірбаев жүргізді. Ол орталық зерттеу және қызмет бағыттарын таныстыра келе, өнімділігі жоғары есептеулер инфрақұрылымыды таныстырды.  Үлкен көлемдегі деректерді өңдеу, күрделі үдерістерді модельдеу және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеу үшін суперкомпьютердің жұмыс қуатын бяндап өтті. Сондай-ақғ есептеу технологияларының қаладағы инфрақұрылым мен әлеуметтік мәселелерді басқару мен шешуге қатысты жобаларды таныстырды.   

Қазақстанның су ресурстарын мониторингіне арналған цифрлық платформа, метеорологиялық модельдер, ҚазҰУ кампусының цифрлық егізі, Алматы қаласындағы жол қауіпсіздігін талдау жүйесі таныстырылды. Бұл кейстер деректермен жұмыс істеу техникалық мүмкіндіктермен шектелмейтінін көрсетті.  Оның нәтижелері болжамдау, басқару шешімдерін қабылдау мен қоғамдық коммуникацияны дамытуға негіз болады.

Саяси бұқаралық коммуникациялар мамандығында білім алып жүрген студенттер үшін мұндай тәжірибенің маңызы ерекше. Қазіргі заманғы коммуникация маманы мәтіндер мен медиаматериалдар әзірлеп қана қоймай, деректердің қайдан алынғанын түсінуі, оларды тексере білуі, визуализацияларды дұрыс талдап, күрделі үдерістерді бұқаралық тілмен жеткізе алуы қажет. Сондықтан суперкомпьютер технологияларымен танысу трендвотчинг курсының  практикалық тірегіне айналды.

Студентетр жабдықтардың ауқымын ғана емес, таныстырылған жобалардың практикалық маңызыы жайлы ойларын ортаға салды.

«Шынының ар жағындағы суперкомпьютер инфрақұрылымын өз көзіңмен көру өте қызықты болды.  Технологиялардың ауқымын бірден сезінесің. Цифрлық шешімдердің нақты міндеттерді орындауға, мысалы, су ресурстарына мониторинг жүрізуге мен деректермен, цифрлық егіздерді жасауға көмек беретінін түсіндім. Мұндай кездесулер ой-өрісті кеңейтіп, технологияны тереңірек зерттеуге ынталандырады», – деді студент Еркем Бердыкенова.

«Заманауи технологиялармен танысып, жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы, цифрлық шешімдердің қалай қолданылатынын көру қызықты болды. Инновациялық әзірлемелер және олардың білім мен ғылым үшін маңызы жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі ерекше ұнады», – деді Диана Ерсаин.

«ҚазҰУ-да суперкомпьютердің пайда болуы – Қазақстандағы ғылым мен цифрлық технологияларды дамыту жолындағы маңызды қадам. Ол зерттеулер жүргізуге, үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге және жасанды интеллектпен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – студенттер мен ғалымдарға жаңа идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін болашаққа салынған инвестиция», – деп есептейді Дайана Аманова.

Farabi Supercomputer Center орталығының жұмысы студенттерге цифрлық трендтердің теориялық болжамдардан нақты жобаларға қалай айналатынын көрсетті. «Жасанды интеллект», «үлкен деректер», «цифрлық егіз» секілді көпшілікке таныс ұғымдардың артында қуатты есептеу инфрақұрылымы, пәнаралық командалар және деректер сапасына деген жауапкершілік тұр.

«Трендвотчинг» курсы аясындағы практикум студенттерге  технологиялық тақырыптарды ғана емес, білімге, ғылымға, мемлекеттік басқаруға, медиа мен қоғамға ықпал ететін ұзақмерзімді өзгерістерді анықтайтын жобалармен танысуға мүмкіндік берді. Осы өзгерістерді түсіну, кәсіби тұрғыдан баяндау саяси және бұқаралық коммуникациялар саласындағы құзырет саналады.

Кездесу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Нархоз университеті арасындағы білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықты дамытады. Технологиялық орталықтар алаңында өткізілетін практикалық сабақтар студенттерге нақты үдерістерді өз көзімен көруге, мамандарға сұрақтар қоюға және университетте алған білімдерін цифрлық экономиканың міндеттерімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Гүлмира Сұлтанбаева,

Нархоз университетінің профессоры

ЦИФРОВЫЕ ТРЕНДЫ В ДЕЙСТВИИ

Студенты Университета Нархоз посетили Farabi Supercomputer Center Экскурсия в суперкомпьютерный...

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери...

В учреждении УИС по области Абай обсудили вопросы развития предпринимательства

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай состоялось...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде «Әділет кеңес береді» құқықтық акциясы өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде...