ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылауды күшейтті. Осы бағытта аумақтарды аралау, құқық бұзушылықтарды анықтау және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Тәртіп сақшыларының кезекті рейдтік шарасы Қазығұрт ауданында өтіп, нәтижесінде белгіленбеген орындарға қалдық жинаған екі тұрғын анықталды.
Атап айтсақ, тұрғындардың бірі үйінің алдына бір тоннаға жуық құрылыс қалдығын төккен. Ал екінші тұрғынның үйі алдындағы аумақта бес жүзге жуық жарамсыз көлік доңғалағы шашылып, тазалық талаптары сақталмағаны анықталды. Тексеру барысында оның вулканизация қызметін көрсететіні белгілі болды.
Полиция қызметкерлері анықталған құқық бұзушылықтарды тіркеп, екі тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ оларға қалдықтарды өз күштерімен тазалап, арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттігі түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жалғастырып, аумақтардың санитарлық жағдайына бақылау жүргізуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...