Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық, демократиялық мемлекеттің алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін әлсіретеді, заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға, оның алдын алуға және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі мақсаты – заңдылық пен тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам мүшелерінің заңға құрметпен қарауы, адалдық пен әділдікті өмірлік ұстаным ретінде қабылдауы, қандай да бір заңсыз әрекеттерге төзбеушілік танытуы және қоғамдық мүддені жеке мүддеден жоғары қоя білуі.

Бұл мәдениет адамның құқықтық сауаттылығымен, адамгершілік қасиеттерімен және азаматтық жауапкершілігімен тығыз байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тек құқық бұзушылық үшін жаза қолданумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – жемқорлықтың туындауына жол бермейтін қоғамдық сана мен орта қалыптастыру.

Адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға бағыну сияқты құндылықтар әрбір азаматтың күнделікті өмірлік қағидатына айналуы қажет. Өйткені жемқорлыққа қарсы мәдениет отбасынан, білім беру мекемелерінен және қоғамның әрбір мүшесінің жеке ұстанымынан басталады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы құқықтық сауаттылықтың рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі. Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін, заң талаптарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауаптылықты білуі тиіс.

Бұл ретте халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, жастар арасында адалдық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарын насихаттау ерекше назарда болуы қажет.

Жастардың бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру – болашақта әділетті әрі жауапты қоғам құрудың маңызды шарты. Осы бағытта білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет.Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі қызметкерлерінің атқаратын рөлі ерекше.

Мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңдылық, ашықтық, әділдік және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалану, мүдделер қақтығысына жол беру немесе азаматтардың құқықтарын шектеу мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсерін тигізеді.

Ал сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің басты көрінісі – сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты, тәуелсіздікті, бейтараптықты және әділдікті сақтау.

Сот билігінің беделі азаматтардың сотқа деген сенімімен тікелей байланысты. Сондықтан сот қызметкерлері кәсіби әдеп нормаларын сақтап, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы қажет.

Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ол – әрбір азаматтың азаматтық борышы.

 Әр адам өз ісінде адалдық танытып, заң талаптарын сақтап, әділетсіздікке төзбеушілік білдірген жағдайда ғана қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік мәдениет қалыптасадыжәне әділдік салтанат құрған қоғамда ғана заң үстемдігі орнығып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы да маңызды міндет.

Қызылорда қаласының 

№2 сотының судьсы                                                К.Т.Еспенбетова

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...

Социальный маршрут столицы 

Пенсионерам помогают с оздоровлением, семьям с детьми с особыми...

Шартты жаза –заңмен берілген мүмкіндік

Қылмыстық кодекстің 63-бабымен шартты түрде соттау жазасы бекітілген. Жұртшылық...