Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң талаптарының баршаға бірдей қолданылуынан көрінеді. Сотқа жүгінген əрбір азамат өзінің құқығы мен заңды мүддесі мінсізқорғалатынына сенімді болуы керек. Соған орай соттар əрбір істі заң талабына сəйкес қарап, дəлелдемелерді жан-жақты зерттеуге, тараптардың уəжін тыңдауға жəне заңды əрі негізді сот актілерін қабылдауға ерекше назар аударады. Сот талқылауы барысында заңдылық, тəуелсіздік, бейтараптық жəне тараптардың тең құқықтылығы қағидаттарын сақтау аса өзекті.

Сот қызметінің тиімділігі қабылданған сот актілерінің санына емес, олардың сапасына, орындалуына жəне азаматтардың сотқа деген сенімін

нығайтуына қарап бағаланатынын ұмытпауымыз керек.

Заң мен тəртіпті нығайту тек құқық бұзушылық жасаған адамға жаза қолданумен шектелмейді. Оның маңызды бағыты – құқық

бұзушылықтың себебі мен оған ықпал ететін жағдайларды анықтау жəне олардың алдын алумен тамырлас. Осы ретте құқықтық түсіндіру

жұмыстарының маңызы зор. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын түсінуі жəне өз əрекеттерінің құқықтық салдарын бағалай алуы құқық бұзушылықтың азаюына ықпал етеді. Соған сəйкес соттарда құқықтық ағарту бағытындағы кездесулер,дəрістер, түсіндіру іс-шаралары ұдайы өткізіліп, заңдағы өзгерістер мен заңдарды тəжірибе қолдану тəртібі тұрақты түрде жарияланып келеді. Мұндағы негізгі мақсат – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрметпен қарап, даулардың алдын алуға ықпал ету. Соның ішінде жастар арасында құқықтық

мəдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген орынды. Себебі заңды құрметтеуге жастар бала кезінен дағдылануы керек. Ал заңды білу,

өзіңнің құқығыңды қорғап қоймай, өзгенің де құқығына құрметпен қарау мəдениеті ең əуелі отбасында, білім беру ұйымдарында жəне

қоғамдық ортада қалыптасады. Сонымен бірге сот жүйесінің ашықтығын

қамтамасыз ету жəне халықпен тиімді байланыс орнату бойынша да іргелі жұмыстар жүрзілуде. Қарапайым халық сот жұмысы туралы уақытылы əрі дұрыс ақпарат алғанда, сот рəсімдерінің тəртібін түсінгенде сергелдеңге түспейді. Əрі ашықтық сотқа деген сенімді нығайтуға көмектеседі.

«Заң мен тəртіп» қағидатын орнықтыру сот органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ал сот дауларды заң аясында шешіп,

бұзылған құқықтарды қалпына келтіруі, əділдікті қамтамасыз етуі шарт. Бұл жерде азаматтарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік таныту жəне құқықтық мəдениетті күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру міндеті жүктелген.

Арыстанбек БЕКБОЛАТОВ,

Маңғыстау облысы мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

төрағасы

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...

Цифрлық технология сот жұмысын жандандырды

Цифрлық технология мен жасанды интеллект сот жүйесін жаңғыртты. Заманауи...