АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи пайымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық ғылыми басқосу әлем қызығушылығын  танытып отырған nomadism өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге, оның адамзат мәдениетіндегі орнын айқындауға және дәстүрлі құндылықтарды қазіргі заман тұрғысынан жаңаша пайымдауға арналды.

Көшпенділер мәдениетін зерттеуге арналған халықаралық конференция мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов атындағы мәжіліс залының тұсаукесерімен басталды. Жиынның салтанатты ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Мұрат Әуезовтің қызы Зифа-Алуа Әуезова, «Көшпенділер. Эстетика» кітабының тең авторы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Асия Мұхамбетова және «Жас тұлпар» қозғалысының өкілі, тарихшы Марат Сембин секілді белгілі тұлғалар сөз сөйледі. Басқосуда отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеуші, мәдениет пен өнер қайраткерлері көшпенділер өркениетінің сан қырлы ерекшеліктері туралы ғылыми баяндамалар жасады.

Жалпы, конференция 1976 жылы жарық көрген «Қазақтың дәстүрлі өнері арқылы әлемді тану. Көшпенділер. Эстетика» ғылыми монографиясының жарық көргеніне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бүгінде жаһандану, мәдени бірегейлік, экологиялық сын-қатерлер және цифрлық технологиялар дәуірінде көшпелі мұраны дұрыс түсіну басты назарда қаралды.

Шара барысында 50 жыл бұрын жарық көрген кітаптың түпнұсқа мәтіні негізінде әзірленген «Көшпенділер. Эстетика. Қазақтың дәстүрлі өнері арқылы әлемді тану» ұжымдық монографиясының қазақ тіліндегі аудармасы мен орыс тіліндегі жаңа басылымының тұсауы кесілді. Туынды көшпенділер мәдениетінің жаһандық дамуға қосқан үлесіне, эстетикалық ерекшеліктерін зерделеуге және оның рухани мұрасын кеңінен танытуға бағытталған маңызды ғылыми еңбек ретінде таныстырылды.

Пленарлық отырыста көшпенді мен қалалық мәдениеттердің өзара байланысы, түркі халықтарының тарихи тәжірибесі, көшпенділер дүниетанымның философиялық негіздері және дәстүрлі мәдениеттің қазіргі қоғамдағы көрінісі секілді өзекті мәселелер айтылды. Нидерланд, Швеция, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден қатысқан ғалымдар мен зерттеушілер өз баяндамаларында көшпенділер мәдениетінің бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы және өркениеттік маңызы жөнінде ғылыми тұрғыдан саралап берді. Мәселен, өнертану кандидаты, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдениеттану және материалдық емес мәдени мұра ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Александар Джумаевтың «Орталық Азияның көшпенді және қалалық мәдениеттерінің бірлігі туралы тағы бір рет» атты баяндамасы көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Конференция аясында екі бағыт бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Бірінші секция «Көшпелілік өркениеттік феномен ретінде: тарих, мәдениет, дүниетаным және материалдық мұра» тақырыбына арналса, екінші секция «Қазіргі әлемдегі көшпелі мұра: сақтау, таныстыру және жаңаша пайымдау» мәселелерін қамтыды. Онда шетелдік және отандық ғалымдар онлайн, офлайн түрде өз пікірлерін білдірді.

Бұл іс-шара көшпенділер өркениетінің тарихи сабақтастығын терең түсінуге, ұлттық мәдени мұраны ғылыми негізде зерделеуге және оны халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік бергені анық. Сонымен қатар басқосу ғалымдар арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтып, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын қазіргі заман талаптарына сай зерттеу мен насихаттаудың маңызын айқындады.

Nomadism өркениетінің тарихи-мәдени мұрасын, дүниетанымдық негіздерін, рухани құндылықтарын және олардың қазіргі қоғамдағы маңызын жан-жақты талқылаған халықаралық жиын қортындысында пәнаралық ғылыми зерттеулерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны кеңінен дәріптеу қажеттігі жөнінде арнайы Қарар қабылданды.

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Маршрут Север — Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит

Казахстан продолжает развивать транспортные коридоры, связывающие рынки Азии, России...

Контейнерные перевозки по Среднему коридору выросли на 58% за год

Объем контейнерных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (ТМТМ),...