Соттағы жасанды интеллектті игеру бойынша ізденіс жалғасады 

Өркениет көшіне ілескен ел озық мемлекеттердің даму тәжірибесіне қарайды. Сонда байқалатыны, бүгінде экономикасы өсіп, әлеуеті артқан мемлекеттердің көпшілігі заң мен тәртіпке бас иіп, жаңа технологияны жанына серік еткен. Дамыған елдердің қай-қайсысын алсаңыз да жерінің байлығына емес, халықтың жаңашыл идеяларына, озық ойлары мен жаңа технологияны иегруіне иек артады. Сандық технология мен жасанды интеллект жетістіктерін жетік меңгерген мемлекеттер көпке үлгі.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та былтырғы жолдауында цифрлық мемлекет  қалыптастыруды басты бағыт ретінде белгілеуіміз керектігін айтып, барлық салада жаңа технология жетістіктерін белсенді қолдану керектігін тапсырды. Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде де Президент: «Бұл технология әлемдегі барлық елдің дамуына тікелей әсер етуде. Қазір онсыз жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін емес. Озық технологиялар ұлт дербестігінің кепіліне, экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналуда. Біз жасанды интеллект саласында бірқатар жетістікке қол жеткіздік, бірақ босаңсуға болмайды. Осы стратегиялық бағытта табанды жұмыс істеуіміз керек. Бұл жұмысқа мен ең маңызды басымдықтың бірі ретінде қараймын» деді.  

         Сот саласында да сандық технология мен жасанды интеллект жетістіктерін сот жұмысына енгізу бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Оның тиімділігіне судьялар күнделікті жұмыс барысында көз жеткізіп жүр. 

Қазақстанның сот жүйесіне жасанды интеллектті қолданудың артықшылығы аз емес. Айталық жасанды интеллект көмегімен процестерді автоматтандыруға, судьялардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік туды. Осы аралықта жасанды интеллект судьяны алмастырмағанымен, судьяға іс қарауда мықты көмекші құрал бола алатынын дәлелдеді. Оны Астана қаласы, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының соттарында пилоттық режимде сынақтан өткен «Судьяның цифрлық көмекшісі» пилоттық жобасының нәтижесінен анық байқауға болады.

Цифрлық көмекші республика соттарындағы ортақ тәжірибені білуге, судьялардың шешімдерін терең талдауға, сонымен қатар құжаттарды дайындауға көмектеседі. Соның арқасында іс қарау процестері жеңілдетіліп, миллиондаған материалдарды роботтандыру арқылы өңдеу жүзеге асырылуда. 

Мысалы азаматтық істерді қарау кезінде судья әрбір істің мән-жайын мұқият зерттеп, заң талаптарын саралап, ұсынылған дәлелдемелерге құқықтық баға беретіні белгілі. Ал бұған аз уақыт кетпейді. Міне осындай кезде жасанды интеллект құжаттарды зерделеуге, іске қатысты негізгі заңнаманы іздеуге және сот тәжірибесін жан-жақты талдауға таптырмайтын көмекші. Себебі жасанды интеллект көмегімен бұл жұмыстарды автоматтандыру өте оңай және судьяларға аса ыңғайлы. 

Жасанды интеллекттің мүмкіндігі шексіз. Оны пайдалану арқылы судьялар мыңдаған беттен тұратын құжаттарды санаулы уақытта талдап, қажетті заң нормаларын, бұрын қабылданған сот актілерін және ұқсас істерді іріктей алады. Бұл сот актілерінің жобасын дәл әрі сапалы дайындауға, процестік мерзімдерді сақтап, уақытты бақылауға, құжаттардағы техникалық қателерді анықтауға және сот отырыстарының хаттамаларын рәсімдеуге айтарлықтай көмегін тигізеді.

 «Азаматтық істер бойынша сот тәжірибесін интеллектуалды талдау» модулідәлелдемелерді түпкілікті бағаламайды және іс бойынша шешім қабылдамайды. Бұл өкілеттіктер тек судьяға ғана тиесілі. Дегенмен, сот жұмысын жеңілдетіп, судьяларға айтарлықтай көмектесіп отырған жасанды интеллект жетістіктерін қолдану бойынша ізденіс алдағы уақытта да жалғаса береді.

Айгүл Байкенова,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы

Медиация институтына 15 жыл: тарих және тағылым

«Медиация туралы» заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, тамыз...

Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар

         «Достар қиыншылықта, туыстар мұраны бөлуде белгілі болады» деген сөз...

Ақмолалық әскери тұтқындардың тағдыры: тарихтың көмескі беттері қайта сөйледі

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз қозғағанда, көбіне майдан даласында...

Сот процесіне қатысушылардың мәдениеті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасында ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру...

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан,...