Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі

Қазіргі таңда жастар арасындағықылмыс – қоғамды алаңдатып отырғаны сөзсіз, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар көптеп орын алуда. Ал, қылмыстың аты қылмыс, ал оның өтеуі — жаза.

 Статистикаға жүгінсек — қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқық бұзушылықты, қылмысты жасайтын, сондай-ақ ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған жасөспірім балалардың саны азаймай отыр. Өйткені, кейбір ата-аналардың өз балаларының тағдырына алаңдаушылық танытпай, олардың үйден және мектептен тыс бос уақыттарында немен айналысып, шұғылданып жүргендерін бақыламауларынан, қадағаламауынан орын алатыны мәлім. Бұл деген ата-аналар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа, итермелейтін фактор болып табылатыны анық.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2026 жылдың 8 айында 45 қылмыстық іс келіп түскен. Оның басым көпшілігі 188-бабымен (ұрлық), 122-бабымен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 191-бабымен (тонау) бойынша сипатталған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, қылмыстық жауаптылық он алты жастан басталады. Ал заңда көзделген жекелеген ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық он төрт жастан туындауы мүмкін. Алайда, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігіне қатысты заңнамада олардың жас ерекшеліктері мен тәрбиелік жағдайлары ескеріледі.

         Әсіресе, жасөспірім құқық бұзушылық пен қылмысты ішімдік және есiрткi, психотроптық заттардың әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіні де құпия емес. Мәселен, түнгі ойын-сауық орындарында жасөспірімдер өздерін үлкен сезініп алкогольдік ішімдіктің түрлісін ішіп, есiрткi, психотроптық заттарды қолдану әсерінен әр-түрлі құқық бұзушылыққа, қылмысқа баратын жағдайлар жиі кездеседі, өйткені ішімдік пен есірткі, өз кезегінде, оларды қылмыс жасауға итермелейді, ықпал ететіні анық.

Көп жағдайда, тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмаған кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды, түсінбейді, жеткілікті ұқпайды. Сол себептен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысын ерте кезеңде алдын алудың және оны болдырмаудың негізгі құралы ретінде әрбір отбасында ата-ананың балаларына дұрыс тәрбие беруі, жүріс-тұрысына күнделікті бақылау жүргізуі, өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын және ашық түрде сөйлесіп, оның айналасындағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы қажет деген нақты ойдамын.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Әлихан Туғанбайұлы.

Қарағанды облысында қазақы тазылардың тұқымдық байқауы өтті

2026 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды облысының Кеншоқы ауылында «Қазақы...

СОТ БИЛІГІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ РӨЛІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, адам...

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттік басқарудың...

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...