Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Бүгінгі күні жемқорлық қоғамымыздың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Мемлекеттің дамуын тежейтін қоғамның жегі құртын жою бағытында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететінін, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтінін, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретінін көзіміз көріп отыр. Сондықтан жемқорлықты жоюға барынша тырысуымыз керек. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететін жемқорлықтың жолын кесу керек. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізе сала «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершілік негіздерін қалыптастыруға алғашқы құжат айтарлықтай әсер етті.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестіпрілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Қоғамдағы орын алып отырған осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатуы ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел келешегіне, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян әкелетіні аян. Яғни осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ өте маңызды мәселе екені айқын. Өйткені қоғамның әр мүшесі өзінің тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу кезінде еріксіз сыбайлас жемқорлықтың ықпалын сезінетіні шындық. Қарапайым халық арасында еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюын тек биліктегі адамдардың ашкөздігімен ғана байланыстырамыз. Билік жүйесіне қатысы бар адамдардың сол жүйеде орын алатын келеңсіз құбылыстардың құрбаны болу мүмкіншілігі барын да естен шығармау қажет. Қазіргі қалыптасып отырған билік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тамыры мемлекеттің даму бағытын таңдау кезіндегі жасаған биліктің қадамдарына байланысты екенін де жоққа шығаруға болмайды.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін осы құбылыстың пайда болуы мен оның табиғи дамуының негізін түсіне білу қажет.

                                    М.Жебелханова, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі

Когда заложенность носа требует лечения: врач назвала симптомы, которые нельзя игнорировать

29 сентября отмечается профессиональный день врачей-оториноларингологов. ЛОР-заболевания болезни уха, горла...

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің...

«АҢШЫЛЫҚ МƏДЕНИЕТIН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАН»

Батыржан СЕЙДОМАР, Аңшылар мен балықшылардың «Аяла» ұлттық палатасының атқарушы...

ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ШЫҒАРУ: ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ТӘРТІП

Тұрғын үй – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды әлеуметтік құндылықтардың...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ: СОТ ТӨРЕЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ

Сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігімен...