Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні түзеу мекемесінде тойланды

Сотталған азаматшалармен мазмұнды дене шынықтыру-спорттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру, дене белсенділігін дамыту, командалық рухты нығайту, сондай-ақ көшпелі халықтардың ұлттық дәстүрлері мен мәдени мұрасын сақтау мақсатында ҚАЖ комитетінің №79 мекемесінде 60 сотталған азаматшаның қатысуымен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұлттық бірі – тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық-танымдық іс-шара қатысушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыруға, ойлау қабілеті мен зейінін дамытуға бағытталды.
Жарыс барысында сотталған азаматшалар тоғызқұмалақ ойынының тарихы, шығу тегі және өзіндік ерекшеліктері туралы ақпарат алып, ойынның негізгі ережелерімен танысты. Қатысушылар өзара бақ сынасып, әр жүрісті есеппен жасап, жеңіске жетуге деген талпыныстарын көрсетті. Тоғызқұмалақ ойыны қатысушылардан тапқырлықты, сабырлылықты, шыдамдылықты және стратегиялық ойлауды талап етеді. Ойын барысында сотталған азаматшалар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өздерінің зияткерлік қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Ұлттық ойындарды дәріптеу – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын келешек ұрпаққа жеткізудің маңызды жолдарының бірі. Тоғызқұмалақ арқылы қатысушылар ұлттық құндылықтарымыздың маңызын түсініп, ата-бабадан қалған асыл мұраға деген құрметтерін арттырды. Осындай спорттық және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар сотталған азаматшалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.
Тоғызқұмалақ – ұлттың ұлы ойыны, сананы шыңдайтын, дәстүрді дәріптейтін рухани мұра. Ұлттық ойынымызды ұлықтау – тарихымызды құрметтеу. Оны сақтау және келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...