Жолдардағы қауіпсіздік – жауапты ұйымдардың міндеті

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік ұйымдардың жауапкершілігіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2026 жылғы 6 қаңтарда жүргізуші облыстық маңызы бар КХ-97 «Қарасу–Шымкент» автомобиль жолымен келе жатып, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қажетті ескерту шараларының болмауына байланысты автожолдан шұғыл түрде шығып кетуге мәжбүр болған. Нәтижесінде автокөлікке материалдық залал келтірілген.

Істі қарау барысында сот тиісті жұмыстарды жүргізуге жауапты «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу талаптарын орындамағаны және оның жол-көлік оқиғасына әкеп соққаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын анықтады.

Сот кәсіпорынның автомобиль жолын күтіп-ұстау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауынан көрінген әрекетсіздігін заңсыз деп танып, талап қоюшының пайдасына материалдық залалды, сондай-ақ сот шығындарын өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы С.А. Кусембаева

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...