Сот практикасы арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау

Конституция — мемлекеттің басты құқықтық тірегі әрі азаматтардың бостандықтары мен құқықтарының негізгі кепілі. Алайда Ата Заңда баянды етілген нормалардың өмірде шынайы жүзеге асуы мен қорғалуы тікелей сот жүйесінің тиімділігіне байланысты. Себебі сот төрелігі — заң үстемдігін қамтамасыз ететін және адам құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін басты институт. Осы орайда сот практикасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың пәрменді әрі нақты механизмі ретінде айрықша маңызға ие.

Сот практикасы — бұл жай гана заң нормаларын қолданудың жиынтығы емес, ол құқықтық нормаларды өмірлік жағдайларға сай дұрыс түсіндірудің және біркелкі қолданудың тәжірибелік көрінісі. Әсіресе қылмыстық сот ісін жүргізу саласында азаматтардың жеке бас бостандығы, ар-намысы, абыройы және мүлкі сияқты конституциялық құқықтары жиі қозғалады. Сот процесі кезінде әрбір істі әділ, бейтарап және жан-жақты қарау арқылы соттар азаматтардың заңсыз айыпталуына, заңсыз ұсталуына немесе азаматтық құқықтарының шектелуіне жол бермейді. Сот практикасының тұрақтылығы мен заңдылығы азаматтардың мемлекетке және оның сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

Қылмыстық істерді қарау барысында процестік заңнама талаптарын қатаң сақтау — конституциялық құқықтарды қорғаудың басты кепілі. Айыпталушының қорғануға, білікті заң көмегін алуға, өз сөзін айтуға және дәлелдемелерді ұсынуға деген құқықтарының мүлтіксіз орындалуы сот арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, кінәсіздік презумпциясы қағидасын берік ұстану, яғни адамның кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін оны кінәсіз деп санау сот практикасының негізгі өзекжарды ұстанымы болып табылады. Кез келген күмәнның айыпталушының пайдасына шешілуі сот төрелігінің адамгершілік пен әділдікке негізделгенін көрсетеді.

Заман талабына сай сот практикасының ашықтығы мен қолжетімділігі де конституциялық құқықтарды қорғаудың маңызды факторына айналды. Сот процестерін жария жүргізу, сот шешімдерінің негізділігі мен айқындылығы, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды кеңінен енгізу азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарының кез келген заңсыз қолсұғушылықтан сенімді қорғалғанын сот жүйесінің ашық әрі әділ жұмысы арқылы сезінеді.

Қорыта айтқанда, сот практикасы арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау — құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі ша шарты. Заңның әрі мен сөзін дәл сақтай отырып, әрбір іс бойынша әділ шешім шығару — сот билігінің басты міндеті. Сот практикасын үздіксіз жетілдіру және заңдылықты қамтамасыз ету азаматтардың конституциялық кепілдіктерін қорғаудың берік тұғыры болып қала береді.

Назарбаева Анара Тимурқызы, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының сот приставы

Сот отырысының хатшысы — сот төрелігін жүзеге асырудағы негізгі фигуралардың бірі

Сот төрелігін жүзеге асыру — мемлекетте заңдылық пен әділдікті...

Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы

Кешегі Абай мен Ыбырайдың жалғасы, Шоқан салған ағартушылық жолды,...

Ахмет – ұлттың ұстазы және халық жанашыры

Сан қилы салада еңбек еткен Алаш арыстарының саны өте...

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

Тіл – ұлттың рухани болмысын айқындайтын, халықтың тарихы мен...

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ – ТАТУЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Қазіргі қоғамдағы қоғамдық қатынастардың күрделенуі, азаматтардың құқықтық сауатының артуы...