Президент Құрылтайдың төрағасы лауазымына кандидатты ұсынды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа Конституцияға сәйкес, билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірөатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет, — деп айтты Тоқаев.

Конституцияның 57-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады.

Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын, — деді Президент.

Тоқаев Айбек Дәбебай мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет еткенін атап өтті.

Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын, — деп айтты Мемлекет басшысы.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

Қазақстан Жазушылар одағында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті...

Халықаралық шарттар және олардың талаптарын сақтау – әділ сот төрелігінің кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарттарының бірі – азаматтардың құқықтары...

Қазақстан Республикасында нотариус болу жолы

Нотариаттық қызмет – бұл заңгерлер арасында ең танымалы қызмет...

ҚАЖ қызметкері Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің тәрбие кеңесі құрамына кірді

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғару мекемесінің қызметкері Семей қаласының...