Сыбайлас жемқорлық- кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін ең өзекті мәселердәң бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаттарының бұзып, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық кең тараған жағдайда мемлекеттік қаражат пен ресурстар тиімсіз пайдаланылуы мүмкін. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, инфрақұрылым және басқа да маңызды салалардың дамуына кедергі келтіреді. Сонымен қатар адал еңбек пен кәсіби біліктіліктің орнына таныстық пен жеке байланыстардың алға шығуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемөорлыққа қарсы іс қимыл жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет бұл бағытта құқықтық тетіктерді жетілдіріп, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Қабылданған заңнамалық шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оның деңгейін төмендетуге бағытталған.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан түрлі реформалар мен антикоррупциялық бағдарламалар қолға алынып жатыр. Бірақ олардың шынайы нәтижелі болуы – халықтың қолдауына, белсенділігіне байланысты. Біз әр салада әділ жолмен жұмыс істеп, заңды сыйласақ, жемқорлықтың жолы кесіледі
Біз келешек үшін, адал қоғам құру үшін күресуіміз керек. Пара ұсыну мен алуды қалыпты нәрсе деп қабылдайтын сана өзгермейінше, бұл мәселе шешілмейді.
Сондықтан да әр азамат өзінің әрекетіне жауапты болып, әдәлет пен шындық жолында өмір сұруді мақсат етуі керек. Себебі сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлығымыздың ортақ борышымыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек бұл заңмен емес, сана сезіммен, мәдениетпен жүргізілетін күрес. Егер әрбіріміз өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етсек, еліміздің болашағы жарқын болары аңық, Адал жолмен жеткен табыс – мәңгілік. Сондықтан қоғамдағы әр адам өзінен бастап, елге үлгі болуға ұмтылуы қажет.
Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ж.Е.Исабаева


