Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі құқықтық құжаты, қоғамдық тұрақтылық пен заңдылықтың іргетасы. Ол мемлекет пен азамат арасындағы құқықтар мен міндеттерді айқындап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі кепілі қызметін атқарады.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Оның басты қағидаты – адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде тану.

Конституция Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді. Мемлекеттік билік заң үстемдігіне негізделіп, заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл билік тармақтарының өз өкілеттігі шегінде әрекет етуін және азамат құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаты – заңның үстемдігі. Барлық азаматтар мен мемлекеттік органдар Конституция мен заң талаптарын сақтауға міндетті. Заң алдындағы теңдік, әділдік және жауапкершілік қағидаттары құқықтық тәртіптің негізін құрайды.

Сот билігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және дауларды әділ шешуге бағытталған. Конституциялық Сот Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган ретінде конституциялық бақылауды жүзеге асырады.

Конституцияны сақтау – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың міндеті. Құқықтық мәдениеттің дамуы азаматтардың заңды білуі мен оны күнделікті өмірде ұстануына тікелей байланысты.

Қорытындылай келе, Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі әрі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігінің басты кепілі. Оны құрметтеу және заң талаптарын сақтау – әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың негізгі шарты.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Л.И. Ильясова

Конституция күні: Ата Заңның қоғам өміріндегі орны

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы, мемлекеттің құқықтық...

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Спорт — путь к силе и здоровому образу жизни

В учреждении средней безопасности состоялось спортивное мероприятие, приуроченное ко...

Мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым....

На YouTube вышло видео Джо Хаттаба о Казахстане: оно уже бьет рекорды

Тревел-блогер Дастан Мухамедрахим (bydastann) сообщил о выходе нового документального...