2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды. Осы кезеңде ел театрлары 16 мыңнан астам спектакль ұсынып, 410 жаңа қойылымды сахналады. Жалпы 2 832 835 көрермен театр өнерін тамашалады.

Маусымның басты жетістіктерінің бірі – театр репертуарының мазмұны мен жанрлық аясының кеңеюі. Айрықша қойылымдардың қатарында «Астана Опера» театрындағы «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Ұлы Жібек жолы» балеті, «Астана Балет» театрындағы «Кармина Бурана» балет-кантатасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрындағы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» драмасы және Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрында сахналанған «Господа Головлевы» спектаклі бар.

Маусым бойы театр ұжымдары ел ішінде де, шетелде де белсенді өнер көрсетті. Осы кезеңде 539 гастроль ұйымдастырылып, театрлар 191 халықаралық және республикалық фестивальге қатысты. Бұл театр өнерінің еліміздің әр өңіріндегі көрерменге кеңінен жол тартуына және қойылымдардың кеңінен танылуына серпін берді.

Еліміздің театрлары халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ұлпан» спектаклімен Бішкекте өткен «ART-ORDO» халықаралық театр фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесімен қатар, төрт аталым бойынша марапатқа ие болды.

Халықаралық байқауларда өзге шығармашылық ұжымдар да табысты өнер көрсетті. «Астана Опера» театрының «El Voice» вокал тобы Ставрополь қаласында өткен «Солдатский конверт» халықаралық байқау-фестивалінде Гран-при жеңіп алды. Ал «Астана Опера» театрының скрипкашысы Бағдат Әбілханов Далянь қаласында өткен GRAND ART EXPRESS-CHINA халықаралық орындаушылық өнер байқауында І орын иегері атанды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Презумпция невиновности — краеугольный камень уголовного правосудия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...