№11 мекемесінде бас имаммен кездесу өтті

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер  арасында Жедел бөлімнің ТОЖ аға жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Нуракишев Кумисбек Тілеуханұлының  ұйымдастырумен Алматы қаласы Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Азамат Нұғманұлы Төлепов «Діни радикализм-Қоғам қаупі» деген тақырыпта, жазасын өтеп жатқан  жасөспірмдер  арасында,  рухани-ағартушылық бағытта, семинар кездесу өткізді.

Іс шара барысында мешітің бас имамы Азамат Нұғманұлы Төлепов жасөпірімдерге тағлымды дәріс оқып, имандылық пен адамгершілік құндылықтары туралы насихат айтты. Сонымен қатар мекеменің кітапхана қорына ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің дін істері комитеті дінтану сараптамасның оң қорытындысы берілген кітаптар сыйға тарту етті. Атап айтсақ, Бабалар ізімен, Ихсан рухани тәрбие негізі, Құран інжулері, Жұма уағызы,Сопылық сыры, Дін ізгілік бастауы т.б

Мемлекетіміздің тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері мен өнегесін танып, мұра ретінде сақтап, мәдениетін насихаттауды мақсат ету керек туралы айтылды. Дәріс барысында рухани жан дүниесі бай, діни сауатты ой өрісі кең болып өскен, өнерлі ұлттық тәрбие алған жас буын ұрпақтарымыз кез келген теріс діни ағымының ықпалына түспей, өз қауіпсіздігін өзі сақтай алатындай

 жазалы жасөпірімдерге дәріс барысында тереңнен түсіндірді бас имам.

Кездесудің басты мақсаты: Қателесіп қылмысқа бой алдырған жастардың бойында өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру, оларды жат ағымдардан сақтандыру және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Іс шара соңында, жазалы жасөспірмдер бас имамға өздерінің көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып жауаптар алды. 

                                                                                                                                 №11 мекеме Е.Жеңісхан

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...