Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық елдерді қамтитын мәселе. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы ең алдымен мемлекеттің содан кейін, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Елімізде басқа мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында шаралар қарқынды жүргізілуде. 2015 жылы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес алдын алу шаралары қағидалармен реттеледі.  

Еліміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтардың парызы. Бүгінде барлық мекемелерде сенім телефондары жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қол жетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың  қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу үшін қарсы күресуіміз қажет.

Ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның пайда болуының алғышарттарын жою арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге мүмкіндік беретін кешенді алдын алу шараларын жүргізу керек. Негізгі шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды кеңінен жүргізу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Қорытындылай келгенде, сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның әділдігін, тұтастығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы басты міндет.

Г.Чингисов

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...

Апостиль – ресми құжаттарға қойылатын мөртаңба.

Апостиль – бұл жай ғана мөр емес. Ол –...

Ко Дню Астаны в учреждении средней безопасности области Абай состоялась выставка изделий осужденных

В учреждении средней безопасности, приуроченная ко Дню Астаны, состоялась...

Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени іс-шара өтті

2026 жылғы 5 шілдеде Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...